Қала мен сала

Жыл басынан бері елордада 338 заңсыз қоқыс орны жойылды

Астанада рұқсатсыз орындарға қоқыс тастау мәселесіне қарсы жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылдың басынан бері елорда аумағында 338 заңсыз қоқыс орны анықталып, толықтай жойылды. Аталған аумақтардан полигондарға 400 мың тоннадан астам қалдық шығарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қаладағы барлық ауданда күн сайын мониторинг жүргізіліп жатыр, заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау жұмысы тұрақты бақылауда.

Атап айтқанда, Алматы ауданында 30 учаске тазартылып, шамамен 25 мың тонна қоқыс шығарылды.

Байқоңыр ауданында 47 орын жойылып, 40 мың тонна қалдық полигондарға жеткізілді.

Есіл ауданында 89 заңсыз қоқыс орны жойылып, 150 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Сарыарқа ауданында 19 орын тазартылып, шамамен 32 мың тонна қоқыс шығарылды, жұмыс жалғасып жатыр.

Нұра ауданында 104 орыннан 104 мың тонна қоқыс шығарылды.

Ал Сарайшық ауданында 49 заңсыз қоқыс орны жойылып, 50 мың тонна қалдық полигондарға жеткізілді.

IKomek жүйесі арқылы құрылыс алаңдарынан қоқысты заңсыз тасымалдау және белгіленбеген жерлерге төгу деректері анықталып, құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Осы жылдың 11 айында қоқысты рұқсатсыз төккені үшін жүк көлігінің 43 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Ал абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін 31 952 құқық бұзушыға 53 миллион 590 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Қоғамдық орындарды ластағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша 13 276 адам жауапқа тартылып, 446 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Заңсыз қоқыс орындарын жою жұмысы жалғасып, жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Сонымен қатар елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында санитарлық тазалау жұмысы жүргізілуде. Акция аясында көшелер, тротуарлар, аула аумақтары, қоғамдық кеңістіктер, сондай-ақ нөсер және арық жүйелері тазартылуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button