Астанада есірткі қатеріне қарсы ультрамарафон өтті

Астанада есірткі қатеріне қарсы ультрамарафон өтті

Елорда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында және «Астана – есірткісіз қала» ұранымен салауатты өмір салтын насихаттауға әрі қоғам назарын есірткі қатеріне қарсы іс-қимыл мәселелеріне аударуға бағытталған ультрамарафон өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спорттық іс-шара күрделі қашықтықтарда ұйымдастырылып, қатысушылар үшін төзімділік пен жігердің нағыз сынағына айналды. Жүгіруге әртүрлі жастағы және түрлі мамандық иелері қатысып, салауатты өмір салты, есірткі тұтынуға және есірткі қылмысына төзбеушілік идеясы төңірегінде бірікті.


Ультрамарафон тек спорттық жарыс қана емес, белсенді азаматтық ұстанымның символына айналды. Іс-шараның маңызын арттыра түскен жайт – ең егде жастағы қатысушы, 75 жастағы спортшының қатысуы болды. Бұл салауатты өмір салтын ұстанудың жасқа қарамайтынын айқын көрсетті.


Іс-шара қорытындысы бойынша полиция өкілдері мұндай бастамалардың маңызды профилактикалық мәнге ие екенін атап өтті. Олар есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастырып, қоғамдағы денсаулық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Қатысушыларға бастаманы қолдағаны және салауатты өмір салты идеяларын ілгерілетуге қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдірілді.


Есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар денсаулық, қауіпсіздік және белсенді ұзақ өмір сүру құндылықтары төңірегінде қала тұрғындарын біріктіретін спорттық, ағартушылық және қоғамдық іс-шаралар форматында жалғасатын болады.