Руханият
-
Ел мұраты ұйыстырған екі алып
Ұлт-азаттық қозғалыстың басты теоретигі, негізгі идеологы жəне шебер ұйымдастырушысы, І Мемлекеттік Думаның мүшесі, қазақтың ұлттық «Алаш» партиясының негізін қалаған, Алашорда үкіметін басқарған Əлихан Бөкейхан Ресейдің күллі мұсылман зиялыларының арасында ерекше беделге ие болып, өзімен үзеңгілес зиялы қауымның өріс бағытын айқындап, тұстастарына да, өзінен кейінгілерге де ұстаздық ете білді. Мұстафа Шоқайдың жазуынша, Əлихан Бөкейхан Сталинге «пролетарлық қозғалыс жоқ қазақ далаларында орыс…
Жалғасын оқу -
Жеңісі мен жеңілісі қатар өмір
Қытай қазақтарының айтыс өнерінде Құрманбек Зейтінғазыұлы мен Жамалхан Қарабатырқызының алатын орны ерекше. 40 жылдан астам айтыс сахнасында жүрген қос тарланның өлең сүйер қауымға аңыз болған әңгімелері де аз емес. Ел алдына шықса қара өлеңмен қағысып, қызыл тілмен айқасып отыратын екі ақын жайшылықта бірін-бірі көтермелеп, қашанда тасын төрттен қойып отыратын. Құрманбек өмірінің соңғы кезінде қатты ауырды. Бірақ өлең-тойлардан қалмай, жұрт алдында…
Жалғасын оқу -
Серіктің соны соқпағы
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісов қазақ қара өлеңінің ақжал арыстанына теңеген көрнекті ақын, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлы өміріндегі бір мерейлі белеске шығып отыр. Көктемнің алғашқы күні жарық дүние есігін ашқан ақынды майда, жылы лебімен қардың көбесін сөгетін алтын күрекке ұқсатқанымыз бар еді. Қаламгердің бар болмысы да табиғаттың осы бір…
Жалғасын оқу -
Антропология Алпамысы
Былтыр ғалымның мерейтойы қарсаңында өзі кезінде қызмет істеген Ұлттық музейде «Ғасыр. Тұлға. Ғылым» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Сонда Оразақ Смағұлдың қазақтың шығу тегін зерттеудегі ерен еңбегі, тұлғалық болмысы туралы біраз айтылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ғалымға арнайы құттықтау жолдады. «Біз өзіңізді қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, парасатты профессор, әйгілі академик ретінде ерекше қадірлейміз. Сіз саналы ғұмырыңызды төл шежіремізді түгендеуге арнадыңыз.…
Жалғасын оқу -
Түркі жұртының тілін түгендеген
Түрік текті халықтардың ынтымағын, рухани-мәдени бірлігін нығайтуда тілдің алатын орны айрықша. Шыққан тегі бір туысқан халықтардың бір-біріне жақын немесе жат болуына олардың тілдерінің қай бағытта дамығаны да тікелей ықпал етеді. Тіл таным мен қарым-қатынас құралы болғандықтан, олардың арасындағы айырмашылықтар ұлғайған кезде сол тілде сөйлеушілердің таным-түсінігінде өзгерістер пайда болып, қарым-қатынасы мен түсінісуі де қиындай түседі. Сондықтан түркі халықтарының алдында ғылым-білім, экономика…
Жалғасын оқу -
Құлабыз – ғұмыр иесі
Ұлттық академиялық кітапханада белгілі қайраткер, сан түрлі талант иесі, сегіз қырлы, бір сырлы азамат Қайырбек Сәдуақасовты еске алуға арналған «Мен де өтемін өмірден әлемді ойлап» атты танымдық кеш өтті. Кеш аясында Қайырбек Изатбекұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде сыр шертетін «Қайраткер Қайрекең жүрген қара жол» атты көрме ұйымдастырылып, ол туралы деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Көзкөргендер мен шәкірттері естеліктерді айтты. Қ.Қуанышбаев атындағы…
Жалғасын оқу -
Баспасөз қара нарының қаламгерлік қазынасы
Кеше елордада Ұлттық баспасөз күніне орай Ұлттық архив пен «Қазақ газеттері» серіктестігі бірлесіп өткізген «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында аталған мекемеде көрнекті қаламгердің жеке қоры ашылды. Іс-шара барысында Шерхан Мұртазаның жеке қорынан алынған құжаттар, қолжазбалар, сирек фотосуреттер мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, қазақ баспасөзі мен ұлттық журналистиканың қалыптасуындағы айрықша орны, азаматтық ұстанымы, қоғамдық ойға қосқан үлесі туралы айтылды.…
Жалғасын оқу -
Төленнің жүрек лүпілі
«Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде. Былтыр 23-інші сәуірде алғаш рет тойланған Ұлттық кітап күнінде қазақстандықтарға жолдаған құттықтауында: «Биыл…
Жалғасын оқу -
Асанәлісіз өткен қырық күн
Алланың бұйрықты күні жетіп, келісімді уақыты бітсе не шара бар?! Қазақ қоғамына, қазақ өнеріне қайырылмас қаза келіп, қара орманы тағы да сиреп қалды. Осыдан қырық күн бұрын өмірден қазақ театр және кино өнерінің шын шебері, асқар таудай асылы, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімов ағамыз өмірден өтті деген суық хабар қасиетті қазақ жұртының қабырғасын сөгіп, жүрегін езіп кеткені ақиқат. Елін, жерін…
Жалғасын оқу -
Арда перзентке құрмет
Елордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым, жазушы, журналист, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат Нәзір Төреқұлұлының өмірі мен қызмет жолына арналған мұражай мен кеудемүсіннің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тағылымды іс-шара Астана қаласындағы Нәзір Төреқұлұлы атындағы №35 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға мемлекеттік орган өкілдері, нәзіртанушы ғалымдар, Нәзір Төреқұлұлының туған-туыстары, елге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, азаматтық қоғам…
Жалғасын оқу