Астанада тұрғын үйдегі лифтіні бүлдірген вандал ұсталды.Елордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген жағдайына қарсы жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Полицейлер кезекті құқық бұзушыны анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас күйінде ортақ мүлікке қасақана сындырып кеткен 34 жастағы ер адамды анықтады. Құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, алдымен бірінші, кейін екінші лифтінің есігін сындырған.
Ол есіктерді қолымен жұлқып ашып, теуіп, жұдырығымен ұрып, нәтижесінде көтергіш жабдықтарды істен шығарған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Полиция бөтеннің мүлкін бүлдіру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.