Мәслихат

  • Былтырғы бюджет қалай атқарылды?

    Елорданың 2025 жылға арналған бюджеті қалай атқарылды? Бұл мәселе Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессия­сында қаралды. Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысқан жиында тиісті қалалық басқармалардың басшылары мен бас қаланың Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев баяндама жасады. Мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбек күн тәртібіндегі мәселенің қорытындысын шығарды. Қалалық Қаржы басқармасының басшысы Алмат…

    Жалғасын оқу
  • Халық алдында есеп берді

    AMANAT партиясы атынан Астана қаласы Сарайшық ауданы №4 бір мандатты округінен сайланған Астана қаласы мәслихатының депутаты Мадина Әжікенова үш жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша халық алдында кезекті есеп беру кездесуін өткізді.  Елордадағы №102 жайлы мектепте өткен жиынға Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедияр Нұрлыбекұлы, Көлік басқармасы басшысының орынбасары Тұрсынғали Жақсылықұлы қатысты. Сонымен қатар коммуналдық мекемелер, полиция, төтенше жағдай қызметінің өкілдері де жиынның…

    Жалғасын оқу
  • Депутаттар тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты

    2026 жылы Астана қаласында 17 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жоспарға ішкі инженерлік жүйелерді ауыстыру, шатырларды жаңарту, қасбеттерді жөндеу және лифт жабдықтарын жаңғырту жұмыстары кіреді. Осы ретте Астана қалалық мәслихатының депутаттары «Өркен қала» ЖШС-не барып, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Қыркүйек айына дейін 10 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, 59 лифтіні…

    Жалғасын оқу
  • Депутат тұрғындармен кездесті

    Бүгін Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназияда Amanat партиясынан Сарайшық ауданындағы №4 бірмандатты округтен қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған Мадина Берікболқызы Әжікенова халықпен кездесіп, 3 жыл бойы атқарған жұмысы бойынша есеп берді. Жиын басталғаннан-ақ халық қалаулысының тұрғындармен әр кездесуі шынайы, ашық өтетінін көрдік. Мадина Берікболқызы өзінің осы уақыт аралығында атқарған жұмысы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді. Қазіргі кездегі аудан аумағындағы түйткілді мәселелерді…

    Жалғасын оқу
  • Мәслихат депутаттары Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының арнайы көліктерімен танысты

    Астана қаласы мәслихатының депутаттары мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықталған Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы арнайы автокөліктерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Бұл техника автоматты режимде «Тоқтауға тыйым салынады» және «Тұраққа тыйым салынады» жол белгілерінің талаптарын бұзу фактілерін тіркейді. Кездесу барысында депутаттарға 2028 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы таныстырылды. Көлік құралдарын эвакуациялау және полициямен өзара іс-қимыл…

    Жалғасын оқу
  • Жоба таныстырылды

    Мәслихат депутаттарына елорданың көгалдандыру жүйесін дамытуға бағытталған «Сәндік ағаш – бұта көшеттері питомнигі» жобасы таныстырылды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Жоба толық циклді көшет өсіруді қамтитын заманауи питомник құруды көздейді. Мұнда қаланың қажеттілігі үшін егу материалын өсірумен қатар, жасыл желектерді цифрлық есепке алу және мониторинг жүргізу сияқты озық технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру…

    Жалғасын оқу
  • Маңызды мәселелер қаралды

    Елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың қатысуымен өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қалалық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі қоғамдық көлікті жаңарту болды. Қала тұрғындары мен депутаттар корпусынан түскен өтініштерге сәйкес, көп жылдар бойы пайдаланған автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда. Ескірген жылжымалы құрам қазіргі заман талаптарына сай келмейді, жолаушылар үшін қолайсыз әрі…

    Жалғасын оқу
  • Мәслихат депутаттары «Үркер» тұрғын алабында сенбілік өткізді

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында елордалық мәслихат депутаттары «Үркер» тұрғын алабында сенбілік өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Бүл күні мұнда көптеген ағаш отырғызылып, саябақтар мен көшелер ретке келтірілді. Тұрғындар отбасыларымен бірге шығып, бастаманы бейжай қарамайтын азаматтар мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері белсенді қолдау көрсетті. Құрметті ақсақалдар дәстүрге сай ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін арнады. Сенбілік — тек тазалық емес. Бұл —…

    Жалғасын оқу
  • Түйіткілді мәселелер депутаттар назарында

    Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың төрағалығымен өткен жиында Көлік  және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өзекті мәселесі, яғни автобус маршруттарының тарифтері қаралды. Жиынға қатысқан елордалық мәслихат депутаттары мемлекеттік №1 автобус паркі жұмысының тиімділігін арттыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. -Барлық процесстерді цифрландыру да күн тәртібінде айрықша орын алады. Басты проблеманың бірі — жолаушылардың көбінің жол ақысын төлемеуі. Әр мәселе бойынша нақты шаралар…

    Жалғасын оқу
  • Есірткінің жолын қалай кесеміз?

    Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында нашақорлықтың алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселесі қаралды. Осы отырыстың алдында мәслихат депутаттары тиісті нысандарға барып, бұл мәселе бойынша көшпелі кеңес өткізді. Қорытынды жиында Астана қаласы Полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мақсат Әбікеннің баяндамасын тыңдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда «Заң мен…

    Жалғасын оқу
Back to top button