Мәселе

  • ЖИ-мен салған дұрыс па, мимен салған дұрыс па?

    Бүгінде жасанды интеллект қарқынды дамып, адам өмірінің барлық саласына дендеп еніп келеді. Әсіресе шығармашылық бағытта оның мүмкіндіктері кеңейіп, сурет, мәтін, бейне жасау ісінде жиі қолданылатын құралға айналды. Алайда осы үдерістің қоғамға, соның ішінде ұлттық таным мен руханиятқа әсері қандай болмақ? Әсіресе баспасөз беттерінде жасанды интеллект арқылы жасалған суреттерді қолдану қаншалықты орынды? Биыл 16 қаңтардан бастап елімізде жасанды интеллект (ЖИ) арқылы…

    Жалғасын оқу
  • Интернет-алаяқтықтан қалай сақтанамыз?

    Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр. Аңқау адамдар алаяқтардың қақпанына түсіп қалатын оқиғалар азаймай отыр. Жуырда Бас прокуратура 121 адамды алдап, миллиондарды қалтасына басқан алаяқты құрықтады. Құзырлы мекеме таратқан мәліметке сүйенсек, Қызыл­орда қаласының 31 жастағы тұрғыны интернет желісін пайдалану арқылы 121 азаматты алдап, 8,9 млн теңге иемденген. Оған сот үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. «С» есімді азамат 2024 жылы…

    Жалғасын оқу
  • Бағалай білсең жылқыңды, мүмкіндік жатыр мың түрлі

    «Тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп, арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Себебі жылқы – біздің күнделікті тіршілігіміздің тірегі, жүгімізді артқан көлігіміз ғана емес, жан серігіміз, еркіндігіміздің символы болды. Дала төсінде өткен әрбір көш, әрбір жорық, әрбір жеңіс пен жеңіліс тұлпардың тұяғымен таңбаланып, тұтас тарихымыз жылқының жалында, атанның қомында жазылды. Қазіргі таңда заман өзгеріп, аттың орнын автокөлік басқанымен, қазақ баласының жылқыға…

    Жалғасын оқу
  • Жастарды Наурызға қалай қызықтырамыз?

    Ұлыстың ұлы күнін жаңаша тойлау, ұлттық мейрамымызды жасөспірімдер мен жастар қызығатындай етіп өткізу туралы ой-пікірлерім мен нақты ұсыныстарымды жазып, қоғамның талқысына шығарып жүргеніме 8 жылдай уақыт өтті. Бұл сөзіме БАҚ-тағы мақалаларым, әлеуметтік желілердегі жазбаларым («Наурызды жаңаша тойлау», «Астана ақшамы», №34-35, 22 наурыз, 2018 жыл; «Наурыздың насихаты мен нақ сипаты», «Астана ақшамы», №32, 20 наурыз, 2019 жыл; «Балалар Наурызға неге қызықпайды?»,…

    Жалғасын оқу
  • Кадр тапшылығын қалай шешеміз?

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы ғылымына ерекше көңіл бөлуде. Жолдауда да, Құрылтайда да, ауыл шаруашылығы мамандарымен өткен форумда да бірнеше рет айтты. Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – ауыл шаруашылығы мен ветеринариядағы білікті кадрлардың тапшылығы. Ал ғылымды жасайтын – білікті мамандар. Аграрлық жоғары оқу орындарына, негізінен, ауыл жастары түсетіні белгілі. 2025 жылы мектеп бітіруші түлектердің саны 217 мыңнан…

    Жалғасын оқу
  • Оқулық неге ала-құла?

    Қазір екі сыныпта қатар оқып жатқан құрдас екі оқушы бірдей білім алып жатыр деп айту қиын. Себебі бір мектеп «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықпен оқытса, екіншісі «Алматыкітап», үшіншісі «Мектеп» немесе «Арман-ПВ» баспасының кітабын пайдаланады. Бір елде бір білім стандарты бола тұра, оқулықтардың мұншалықты ала-құла болуы – ойлантатын мәселе. Бір тақырып бір оқулықта жан-жақты қамтылса, екіншісінде үстірт қана өтеді, ал кей тапсырмалар…

    Жалғасын оқу
  • Жалған ақпараттан шындықты қалай ажыратамыз?

    Жер бетіндегі 8 млрд-тан астам халықтың 5 млрд-қа жуығы қазіргі кезде ақпаратты әлеуметтік желілерден алады. Әлеуметтік желілердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігі оны жалған ақпарат таратудың қуатты арнасына айналдырды. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратудың тетіктері көп. Соның ішіндегі негізгі үшеуі мыналар: контентті орналастыру алгоритмі, эхо-камералар, боттар мен жалған аккаунттар. Бірінші тетік өте қауіпті. Себебі әлеуметтік желілерде атышулы және жұртты адастыратын ақпараттарды тез…

    Жалғасын оқу
  • Бала тәрбиесі тек мектептің міндеті ме?

    «Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Ұлы Абай «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз…

    Жалғасын оқу
  • Жол үстіндегі жауапкершілік

    Елорда тұрғындарының саны артқан сайын қала көшелерінде жүретін жеке көлік те көбейіп жатыр. Бүгінгі таңда Астанада 450 мыңнан астам көлік тіркелсе, күн сайын 100 мыңға жуық көлік сырттан келіп, транзитпен өтеді. Осынша көліктің қозғалысынан, өкінішке қарай, көптеген апатты жол-көлік оқиғалары да орын алып отыр. Бүгінде еліміздегі жол-көлік оқиғалары қордаланған мәселеге айналды. Көлік қақтығысынан жыл сайын мыңдаған адам қаза болады. Бірақ…

    Жалғасын оқу
  • Кино мен әннің тілі түзеле ме?

    Ұлттың танымы, негізгі тірегі һәм төлқұжаты – тіл. Қиыр шеттегілер алыстан араласып, тілдік тектілікке таңба салып, тарихты талантаражға салатын сарабдал саясатты жоққа шығара алмаймыз және аңғармаймыз. Ұлттық мәдениетке соқтыққан сиқы жоқ сөздерді сіңіруге бейімбіз, өзгенің қаңсығына құмармыз, жұтымнан қалған жуындыны асауға әзірміз. Тіл мәселесі қашан бірізділікке түсіп, қазақ пен қазақ толыққанды ана тілінде сөйлесіп, ата тегін дәріптей алған уақытта ғана…

    Жалғасын оқу
Back to top button