Қоғам

«Менің елім – Қазақстан!» көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Астана қаласы, «Есіл» ауданының әкімдігі мен «Amanat» партиясы Есіл аудандық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Менің елім – Қазақстан!» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – Республика күні мерекесінің тарихи маңызын айқындап, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы маңызды кезеңдерді архивтік құжаттар арқылы жұртшылыққа таныстыру. Көрме барысында егемен еліміздің қалыптасуы мен жетістіктерін баяндайтын сирек архивтік материалдар мен фотоқұжаттар көпшілік назарына ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы «Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында мемлекітіміз 3 жылдың ішінде цифрлық мемлекетке айналуы керек деді. Осыны негізге ала отырып, архив саласы бойынша ең бірінші болып ЖИ қолданып, конференция жайлы ақпарат тараттық. Мұның өзі үлкен жетістік. Осылай ЖИ дамуын архив саласында жетілдіріп, цифрлық кезеңге өткізіп, оқырмандарға құжаттың электронды нұсқасын ұсынып,  мұрағаттардың түпнұсқасын 400 – 500 жылға дейін сақтауға мүмкіндік аламыз» деп тәжірибесі мен ұсынысын атап өтті.

Көрме қонақтары ел тәуелсіздігінің жылдар бойғы жетістіктерін айғақтайтын тарихи құжаттармен танысып, мұрағат саласының қоғам өміріндегі маңыздылығын айқындады. Ел егемендігін алғаннан кейін және оған дейінгі құжаттарды сақтау бүгінгінің келешек ұрпақ алдындағы парызы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button