«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Есіл ауданы прокуратурасы прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен велошеру өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және заңдылық, тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын насихаттауға бағытталды.
Велошеруге қатысушылар белсенді әрі салауатты өмір салты қағидаттарына бейілділіктерін көрсете отырып, елорданың Ботаникалық бағы аумағында белгіленген бағыт бойынша жүріп өтті.
Осындай іс-шараларды өткізу корпоративтік мәдениетті дамытуға, ұжымдық өзара іс-қимылды нығайтуға және спорт пен салауатты өмір салтына оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Есіл ауданының прокуратурасы құқықтық мәдениетті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастырады.