Ақшам talks өтіп жатыр

Ақшам talks өтіп жатыр

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында «Зерделі ұлт: оқу мәдениеті және ұлт болашағы» тақырыбында Aqsham Talks зияткерлік алаңы өтіп жатыр. Іс-шараны «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиын барысында кітап оқу мәдениетінің қоғам дамуындағы рөлі, жасанды интеллект дәуіріндегі білім тұтынудың жаңа тәсілдері, оқылған кітапты тәжірибелік білімге айналдыру, жастардың оқу дағдысын қалыптастыру және кітаптың шығармашылық ойлауға ықпалы секілді өзекті мәселелер талқылануда.

Aqsham Talks алаңында халықаралық құқық маманы Алмат Игенбаев, жасанды интеллект зерттеушісі Тимур Бектұр, филолог-зерттеуші Арын Құнанбайлы, педагог-тренер Ескенбір Бестай және сценарист, креативті продюсер Рамазан Фаилов сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аясында кітап оқу мәдениетін жаңа форматта насихаттау, білім мен руханиятты, технология мен шығармашылықты ұштастыратын интеллектуалдық орта қалыптастыру көзделген. Aqsham Talks алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын зияткерлік алаң ретінде дамытылмақ.