Құқық

Елордалық 91 мыңнан астам оқушы компьютерлік ойын арқылы қаржылық сауаттылығын арттырды

Астанада 1-15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық қағидаты аясында жастардың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Qarzhy Sagshysy» республикалық компьютерлік ойыны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоба Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан AML Academy-мен бірлесіп, Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Астанада ойынға барлығы 91 225 білім алушы қатысты:
• қаланың 120 мемлекеттік мектебінің 10-11 сыныптарында оқитын 70 953 оқушы;
• қала колледждерінің 1-2 курсында оқитын 20 272 студент.

Интерактивті форматта қатысушылар қаржылық тәуекелдерді тануды, виртуалды қаражатты басқаруды және өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдауды үйренді.

Ойын қорытындысы бойынша оқушылар мен студенттер қаржылық пирамидаларды, дропперлік схемаларды анықтау, сондай-ақ фишингтік сайттарды заңды интернет-ресурстардан ажырату дағдыларын меңгерді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button