«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құқық бұзушылықтар анықталды

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құқық бұзушылықтар анықталды
фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Астана қаласында қоғамдық көлік саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері автобус парктері мен қоғамдық көлік бағыттарында кешенді тексерулер жүргізіп, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауына, техникалық жағдайына және жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударуда. Өткізілген рейдтердің нәтижесінде 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша 80-ненастам автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу, көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау және өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өйткені жолаушылардың қауіпсіздігі жүргізушілердің тәртіптілігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.