Қоғам

Филармония қызметкерлері тазалық акциясын өткізді

Бүгін Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті. Оған аталмыш өнер ұжымының 200-ден аса қызметкері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Таза Қазақстан» акциясы — өте маңызды іс шара. Әркім өз үйін таза ұстайды ғой. Сол сияқты қаламыз да, даламыз да таза болуы керек. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы ай сайын осы акцияға қатысады» деген осы өнер ұжымының қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі-бас дирижері, күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Айтқали Жайымов барша жұртты осы акцияға қатысуға шақырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button