«Таза Қазақстан»: биыл елде 795 мың тонна қалдық жиналды

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы және «Таза Қазақстан» бастамасының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Министр Президенттің бастамасымен бекітілген 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы еліміздегі экологиялық қозғалысқа жаңа серпін бергенін хабарлады. Осы жылы 1 250 іс-шара өткізілді, оған 6,4 млн адам қатысты. 1 млн гектардан астам аумақ тазартылып, 795 мың тонна қалдық жиналып, 2,8 млн ағаш отырғызылды.
— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.
Сонымен қатар Қазақстан халықаралық аренада өз позициясын нығайтуда. 2026 жылы Қазақстан климаттық және экологиялық сын-қатерлер бойынша келісілген шешімдер әзірлеу мақсатында Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді.



