Мектепте квест ойыны өтті

Мектепте квест ойыны өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы №28 мектеп-лицейінің «Балдаурен» мектеп жанындағы лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Адал азамат» атты квест-ойыны өтті. Мақсаты - балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен, заңға бағынушылық және жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

 -   Іс-шараға қатысушылар Аңыз бойынша тәртіп елінің тұрғындарына зұлым Хаос жасырып қойған кілттерді қайтаруға көмектеседі. Ол үшін балалар бірнеше тақырыптық бекеттерден өтіп, «ТӘРТІП» сөзін құрастырады. Сонымен қатар, «Құқықтық бағдаршам» бекетінде балалар дұрыс және бұрыс әрекеттерді және «Жас детективтер мектебі» бекетінде қоғамдық тәртіптің бұзылуын анықтайды. «Тәртіп жолағында» спорттық эстафета барысында ептілік пен командалық рухтарын көрсетеді, -деді «Балдаурен» мектеп жанындағы лагерінің жетекшісі Светлана Сиренко. 

«Жедел шақыру» бекетінде қатысушылар жедел қызметтердің нөмірлерін және қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсіреді. «Мерген азамат» бекетінде балалар құқықтар, міндеттер және тыйымдар туралы білімдерін жетілдіріп, «Тәртіп қабырғасы» шығармашылық бекетінде қауіпсіз өмір сүру ережелерінен құралған ортақ композиция жасайды. 

Квест ойыны соңында «Біз заң мен тәртіпті қолдаймыз» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында балалар қауіпсіздік, жауапкершілік және заңды құрметтеу туралы түсінігін шығармашылық арқылы сипаттап берді.