Астанада 25 маусым күні «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Ойын-сауық сауда орталықтарында «Заң түні» атты әлеуметтік акция өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара сағат 19:00-21:00 аралығында «Mega Silk Way» (Қабанбай батыр даңғылы, 62) және «Jibek Joly» (А. Байтұрсынұлы көшесі, 34) сауда-ойын-сауық орталықтарында өтеді.
Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтары құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, Астана қаласы прокуратурасының және уәкілетті органдардың аумақтық департаменттері өкілдерінен тегін заңгерлік кеңес ала алады. Мамандар азаматтарды қызықтырған құқықтық сауалдарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреді.