Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады
фото: polisia.kz

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім киюге шектеу енгізілді. Алайда бұл талап медициналық көрсетілімдерге, ауа райы жағдайларына, қызметтік міндеттерді орындауға, азаматтық қорғау шараларына, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қолданылмайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өзгерістің мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және азаматтарды сәйкестендіру мүмкіндігін арттыру. Заң дәстүрлі діни киімдерге қатысты емес және ар-ождан мен діни сенім бостандығын шектемейді. Аталған талап “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңның 75-бабының 3-тармағында көзделген. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.