Көкталдағы волейбол секциясы зейнеткерлер арасында сұранысқа ие
Қазір онда 50-ден астам зейнеткер жаттығады

Көктал тұрғын алабы тұрғындары үшін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанындағы заманауи Денешынықтыру- сауықтыру кешені жұмыс істейді, бұл жерде спорт баршаға қолжетімді. Мұнда жайлы жаттығуға барлық жағдай жасалған: кең тренажёр залдары, теннис, волейбол және футбол ойнауға арналған алаңдар бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2022 жылы ашылған волейбол секциясы бүгінде ерекше сұранысқа ие. Қазір онда 50-ден астам зейнеткер жаттығады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін төрт топ жұмыс істейді: негізгі, бастауыш, жалғастырушы және әйелдер тобы. Мұндай жүйе әр адамға өз деңгейіне сай топты таңдап, волейболды алғаш рет үйренуден бастап, жарыстарда сенімді ойнауға дейін мүмкіндік береді.

Биыл секция командасы 5 турнир және 4 жолдастық кездесу өткізді. Спортшылар қалалық және облыстық жарыстарға белсенді қатысып, Көкталдың атын абыроймен қорғап жүр.
Денешынықтыру- сауықтыру кешені күн сайын ерекше энергияға толы, мұнда әр жастағы тұрғындар денсаулығын нығайту, бойын сергіту және бос уақытын белсенді өткізу үшін келеді. Ыңғайлы орналасуы мен қолайлы инфрақұрылымының арқасында Көктал тұрғындары спортпен үйге жақын жерде, уақыт жоғалтпай айналыса алады.
Бүгінде Денешынықтыру- сауықтыру кешені бүкіл ауданның тартылыс орталығына айналған: заманауи, жайлы, қарқынды және жылы атмосферасы бар. Әр адам өзіне лайық бағыт тауып, мотивация алып, Көкталдың ұйымшыл спорт қауымдастығының бір бөлігі бола алады.



