Құқық

Отбасылық соттарды дамыту жайы сөз болды

Астанада отбасылық сот төрелігін жетілдіру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Қазақстанның қазіргі заманғы сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында өткен жиынға Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сот судьялары, сот әкімшілігінің, кәмелетке толмағандар ісі бойынша ауданаралық соттардың өкілдері, сондай-ақ әкімдіктер мен отбасы соттары жанындағы отбасы қолдау орталықтарының қызметкерлері, өзге де сот жүйесінің, мемлекеттік органдардың өкілдері және балалар құқығын қорғау саласының мамандары қатысты. Шара гибридті форматта ұйымдастырылып, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және «Право» қоғамдық қоры тарапынан өткізілді.

Қатысушылар ұлттық және халықаралық деңгейлерде халықаралық конвенцияларды іске асыру шеңберінде соттардың құқықтық көмек көрсетуінің проблемалық және өзекті мәселелерін, соның ішінде сот қолдануы мен олардың нормаларын түсіндірудің негізгі қиындықтарын талқылады. Конвенцияларды қолдану кезінде сот шешімдерін шығару алгоритмдеріне, сондай-ақ балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғаудағы конвенциялық тетіктердің тиімділігін көрсететін отбасылық соттарды дамытудың практикалық мысалдары мен табысты тәжірибесіне басымдық берілді.

Талқылау барысында Конституциялық Сот судьясы Айжан Жатканбаева баланың мүддесін ең жоғары деңгейде қамтамасыз ету принципі Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ талқылау барысында алимент төлеу, бала асырап алу және бала тәрбиелеу мәселелері бойынша конституциялық бақылау органы шығарған нормативтік қаулылар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың азаматтығын анықтау мәселелері қаралды. Бұл мәселелер — тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыру және балалар құқықтарын қорғау жүйесін нығайту үшін маңызды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button