Қоғам

Astana International Challenge 2025

Бұл жарыс – маусымның маңызды жарыстарының бірі және Дүниежүзілік бадминтон федерациясының (BWF) ресми күнтізбесіне енгізілген.
Турнирге АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерінен келген 43-тен астам мемлекет өкілдері қатысады.
Astana International Challenge – BWF International Challenge Series халықаралық сериясының бір бөлігі, онда спортшылар әлемдік рейтингке қажетті ұпайларды сарапқа салады.
Көптеген қатысушы үшін бұл жарыс Олимпиада циклі мен ірі халықаралық чемпионаттарға дайындық жолындағы маңызды кезең болмақ.
Турнирдің Астанада өтуі Қазақстанның әлемдік бадминтон картасындағы орнын одан әрі нығайта түседі.
Ұйымдастырушылар жарыстың жоғары деңгейде дайындалғанын және жастар арасында бадминтонға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button