Мәдениет

«Шабыт» халықаралық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі ресми түрде басталды

Астанада XXVIII Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі — «Шабыт» халықаралық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі ресми түрде басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

18 қарашада өнер көрсету кезегін анықтау рәсімі өтті, ол шығармашылық сайыстың шешуші кезеңіне ресми бастау береді.

«Шабыт» байқауы соңғы отыз жылға жуық уақыт ішінде әртүрлі елдің талантты жастарын біріктіретін ең ірі халықаралық шығармашылық платформалардың бірі болып келеді. Биыл қатысушылар мен қазылар алқасының географиясы бұрынғыдан да кеңейіп, жобаның беделі мен маңыздылығын айқын дәлелдеп отыр. «Шабыт»–2025 байқауының халықаралық қазылар алқасына Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің танымал музыканттары, өнер қайраткерлері мен салалық сарапшылары енді.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің фестивальдің ашылу салтанатында айтқан сөздері соған дәлел: «Елордамен бірге қалыптасып, дамып келе жатқан бұл бірегей шығармашылық фестиваль жастар үшін ерекше маңызды. Әлемге талай дарынды жасты танытқан «Шабыт» биыл 28-рет ұйымдастырылып отыр. Аздаған үзілістен кейін қайта жалғасқан байқау өз деңгейін жоғалтпай, бас қаланың жаңашылдық пен жас таланттардың ордасы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр».

Жеребе тарту кезеңі финалистердің өнер көрсету ретін белгілеп, конкурс күндерінің динамикасын айқындайтын маңызды сәт болмақ. «Шабыт» мәдениет, тәжірибе және жаңа идеялар тоғысатын халықаралық шығармашылық зертханасы ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде.

Байқау ұйымдастырушыларының бірі Астана қ. Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясының жетекшісі Бағдат Бекмадина: «Шабыт» фестивалі өңірде баламасы жоқ бірегей шығармашылық алаң. Биылғы маусымда еліміздің түпкір-түпкірінен және алыс-жақын шетелдерден 800-ден астам өтінім келіп түсті, бұл шығармашыл жастардың байқауға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Қазылар алқасының құрамына әлемнің және еліміздің білікті, танымал өнер қайраткерлері енді. Қатысушыларға әділ, кәсіби бағалау алуға мүмкіндік береді».

«Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары мен Гран-при иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі 22 қараша күні Қазақ ұлттық өнер университетінде (ҚАЗҰӨУ, «Шабыт» ғимаратында) өтеді. Рәсім барысында барлық номинациялар бойынша лауреаттар мен байқаудың басты жүлдесінің иегері жарияланады.

Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Астана қаласы әкімдігі
  • «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» ШЖҚ ГККП
  • Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ)

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button