Оқушылар құқықтық білім алды

Астанадағы №22 мектеп – гимназиясы оқу жылының III – тоқсанының алғашы оқу күнінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушыларға арналған бірқатар маңызды тәрбиелік және профилактикалық іс – шара бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мектеп басшылығы оқушылардың қорлау, агрессия және жанжалдың алдын алу, әрбір оқушының өз әрекеті мен оның салдары үшін жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеуді көздейді. Өткізілген іс – шара барысында оқушылар үшін құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, интеллектуалды ойындар және құқықтық турнир де өтті.

«Мектепте «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты өмірлік жағдайлар арқылы заң нормалары түсіндірілуде. Нәтижесінде, оқушылардың заңға деген көзқарасы өзгеріп, тәртіп сақтаудың маңызын түсіну деңгейі артты. Алдағы уақытта да «Адал азамат» бағдарламасы аясында заң мен тәртіпті насихаттауға бағытталған шаралар жалғасын табады» дейді директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Айжан Айыпқызы.
№22 мектеп – гимназия мектебінде «Заң мен тәртіп» қоғидаты аясындағы бастама жыл соңына дейін жалғасады. Өткізілетін әрбір іс – шара 1 – 11 сынып оқушылары, педагогикалық ұжым және ата – аналар тығыз байланысты өтеді. Бұл жұмыстар мектепте құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және тәртіп пен қауіпсіз ортаны нығайтуға өз үлесін қосары сөзсіз.
Ерасыл НҰРЛЫБЕКҰЛЫ
фото: Василий Крась



