Жазғы жолаушылар легінің артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша қатынайтын төрт Тальго пойызының құрамына вагон-мейрамханаларды іске қосты. Бұл жолаушыларға жол бойында сапалы тамақтану қызметін ұсынып, сапар жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жазғы маусымда қосыша вагон-мейрамханалар келесі бағыттарда қызмет көрсетеді:
* №254/253 Астана (Нұрлы жол) – Достық;
* №211/212 Алматы-2 – Достық;
* №207/208 Алматы-2 – Достық;
* №231/232 Алматы-2 – Семей.
Вагон-мейрамхана мәзірінде ыстық тағамдар, сорпалар, салаттар, бәліштер, десерттер мен түрлі сусындар ұсынылады. Сондай-ақ, балаларға арналған арнайы мәзір қарастырылған. Ас түрлері жолаушылардың сұранысы мен талғамына сай іріктеліп, жол үстінде сапалы әрі жайлы тамақтануға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Тальго пойыздарындағы ToiPass вагон-мейрамханалары арқылы тағамдарды тікелей купеге тапсырыс беру қызметі жұмыс істейді. Ол үшін WhatsApp желісі арқылы +7 771 761 4099 нөміріне хабарлама жіберу немесе жолсерікке жүгіну жеткілікті. Тапсырыстар күн сайын 08:00-ден 24:00-ге дейін қабылданады.
Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының 51 бағыты бойынша жолаушыларға тамақтану қызметі ұсынылады. Оның ішінде:
* Тальго пойыздарында – 23 вагон-мейрамхана;
* фирмалық пойыздарда – 10 вагон-мейрамхана;
* стандартты пойыздарда – 11 вагон-мейрамхана;
* 7 вагон-буфет қызмет көрсетеді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ұсынылатын сервисті тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Пойыздардағы тамақтану қызметін дамыту – компанияның қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылардың жол үстіндегі жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттердің бірі.