Әріптесіміз баспаналы болды

Әріптесіміз баспаналы болды
фото: Сұлтан Сейіт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан «Dara» президенттік бастамалар қоры жобасы аясында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында бір топ астаналық әріп­тестер қатарында «Elorda Aqparat» ЖШС-нің үйлестірушісі, әріптесіміз Айнұр Қарамендиева баспаналы болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Пәтер кілтін Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров табыс етті. «Elorda Aqparat» ЖШС ұжымында 20 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан, бес баланы тәрбиелеп отырған әріптесіміздің ақжолтай хабары ұжымды қуантты. Әріптесімізді жаңа қонысымен құттықтай отырып, шаңырағы шаттыққа, бала күлкісіне тола берсін дейміз!