Астанадағы Арбат алаңында Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен және Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен «Жадыраған жаз» атты жазғы би кеші өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана күні қарсаңында қонақтарға мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада «Астана», «Сыған серенадасы», «Қыз бала гүл» және «Звездное лето» әндері шырқалып, «Элегант-дэнс», «Әдемі дәуір» және «Шабыт» би ұжымдары көрермендерге әсерлі шығармашылық қойылымдарын тарту етті.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын Гаукария Жақыпованың жетекшілігімен өткен тыныс алу жаттығуларына негізделген Цигун гимнастикасы тудырды. Кеш, соңында, барлық қатысушылар қосылған көңілді флешмоб ұйымдастырылып, мереке көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.
Арбат алаңындағы жазғы би кештері айына екі рет бейсенбі күндері сағат 17:30-да өтеді.