Қоғам

Ардагерлер жарысы

«Астана қаласындағы Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі елордадағы ардагерлер ұйымдары арасында волейбол жарысын ұйымдастырды.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен мерекелік жарыста ардагерлер мен зейнеткерлерден құралған командалар өте тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Алаңға шыққан әр команда жеңіске деген жігерін танытты.

– Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері ұйымдастырған жарысқа өз ауданымыздан екі команда қостық. Командалар Сарыарқа аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесінде спорт үйірмелеріне қатысатын зейнеткерлерден құралды. Өте тартысты әрі қызықты ойындар болды. Бұл жерде ең бастысы жүлде емес, салауатты өмір салты салтанат құрды, ардагерлер арасында достық байланыс нығайды, – деді Сарыарқа ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесінің бөлім басшысы, еңбек ардагері Кенжеболат Бапишев.

Жарыс қорытындысында зейнеткерлерден құралған «Ереймен» командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші және үшінші орынды «Сарыарқа-Көктал» және «Сарыарқа-Ардагер» командалары еншіледі. Мерекелік жарыста сынға түскен «Байқоңыр» және «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» командалары да жеңіске деген жігерін көрсетті.

«Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Нұралы Аубакиров жарысқа қатысушыларға ұйым­дастырушылар атынан алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар және медальдар табыс етті.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button