Қоғам
Астанада «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті

Астанада өткен көлік және логистика саласындағы Еуразиялық «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара теміржол, авиация және автомобиль көлігі салаларының, сондай-ақ көлік-логистикалық орталықтар мен ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Іс-шара барысында Еуразияның көлік каркасын дамыту, кәсіби шеберлік пен салалық басқару, үздік салалық жобалар, цифрлық логистика, кадрлық әлеуетті дамыту, көлік ғылымы мен білім беру бағыттары бойынша елеулі жобаларды жүзеге асырып, көлік қызметтерінің сапасын арттырған компаниялар мен мамандар марапатталды.



