Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі бойынша арнайы рейд өтті

Астананың Сарыарқа ауданында «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер жалғасып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Рейдтік іс-шараларға аудандық прокуратура, полиция басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлерінен құралған мобильді топтар қатысуда. Олар көшелерді, жастар көп жиналатын орындарды және ойын-сауықмекемелерін тексеріп отырады.
Түнгі рейдтер барысында сағат 23:00-ден кейін көшеде ересектерсіз жүрген, сондай-ақ сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған жасөспірімдерге ерекше назар аударылады.
Жыл басынан бері аудан аумағында 1500-нан астам ата-ана кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ескертусіз жүруіне жол бергеніүшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



