«Сөз шебері» анықталды

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Сөз шебері» қалалық шығармашылық жүргізушілер байқауы өтті. Бұл байқау оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету және медиа мен коммуникация саласына қызығушылық танытқан жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Конкурсқа қатысу үшін 57 өтінім қабылданған. Алдын ала іріктеу кезеңінен кейін 21 қатысушы финалға жолдама алды. Байқау үш кезеңдерден тұрды. Бірінші айналымда қатысушылар 1 минуттың ішінде өз-өзін таныстыруы керек болса, екінші кезеңде қатысушыларға бейнеролик фрагменті ұсынылады. Оқушылар 30 секунд ішінде дыбыссыз бейнені дыбыстап, тапқырлық қабілеттерін танытты. Үшінші кезеңде үстел үстінде жатқан арнайы қағаздарды жеребе арқылы таңдап, сол мезетте іркіліссіз мәтін құрап, сөз саптаудан кім үздік екенін сарапқа салды.
«Сөз шебері – 2025» байқауының негізгі міндеті – медиа, журналистика, теледидар және мәдени-бұқаралық шараларға қызығушылық танытқан балаларды анықтап, олардың алғашқы қадамын қолдауға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша, 3-орынды Шейх Тәмим бен Хамад әл-тәни атындағы №85 мектеп-лицей оқушысы Аружан Изатулла, №60 мектеп лицейдің оқушысы Ерназар Алинур, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп лицейден Ринат Абдижапаров, Шейх Халиф бен Заид Аль-Нахаяна атындағы №84 мектеп-лицейдің оқушысы Адия Русланова, №101 орта мектеп Еркежан Сембаева, Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия оқушысы Жанару Дәулетова иемденді. Ал 2-орынды №6 гимназия оқушысы Клобук Богдан, №8 мектеп-лицейінен келген оқушы Айымжан Шынболат, Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейдің оқушысы Ульяна Горбенко, Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейдің оқушысы Ерасыл Қадірқұл жеңіп алды. 1-орынды Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейдің оқушысы Еркеназ Абдығаппар және М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының оқушысы Аружан Бақытжанова иемденді. Топтан қара үзіп шығып, байқауда ең үздік танылған Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушысы Пак Тимур бас жүлде иегері атанды.
Дайындаған Ерасыл НҰРЛЫБЕКҰЛЫ



