Қоғам

Обыр ауруын адаптивті терапиямен емдеу үшін ЖИ енгізілді

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта әлемдегі жалғыз технология – жасанды интеллект пайдаланылатын сәулелік терапия қолданылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жаңа әдістеме емдеу шараларын пациенттің ағзасындағы жеке өзгерістерге күнделікті бейімдеуге мүмкіндік береді, сәулемен атудың дәлдігін едәуір жақсартып, жанама әсер қаупін азайтады. Бұл туралы орталықтың медициналық физика бөлімінің бастығы Қайыргелді Датбаев айтты.

«Емдеу кезінде ісіктердің мөлшері күрт өзгеруі мүмкін, ал қуық немесе ішек сияқты кіші жамбас мүшелері күн сайын көлемін өзгертіп отырады. Оларды бірдей қалыпта ұстап тұру мүмкін емес. Соған сәйкес, біз 2025 жылдың наурызынан бері адаптивті сәулелік терапия тәсілін қолданып келеміз. Бүгінде 80-нен астам науқас ем алды. Нәтижесіне медициналық персонал да, техникалық персонал да өте ризамыз»,

— деп атап өтті Қайыргелді Датбаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button