Құқық

Астаналық студенттерге арналған қойылымдық сот отырысы өтті

«Заң және тәртіп» қағидаты және «Esirtkisiz Elorda» әлеуметтік жобасы аясында Астанада жастарға арналған арнайы қойылымдық сот отырысы ұйымдастырылды. Мақсат – нашақорлықтың алдын алу, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz.

Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Оның негізгі мақсаты – жастардың өз денсаулығы мен өмір салтына жауапкершілік сезімін қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, имитациялық сотты өткізу идеясы профилактикалық жұмысты жастар үшін практикалық әрі түсінікті ету ниетінен туындаған.

«Іс-шараның мақсаты – қатысушыларға психоактивті заттарды қолданудың құқықтық және әлеуметтік салдарын көрсету, сыни ойлау және құқықтық сауаттылық дағдыларын дамыту. Бұл формат қатысушыларға тек заттарды қолданудың салдарын естіп қана қоймай, оны заң мен мораль тұрғысынан көруге мүмкіндік береді. Мұндай жобалар жастарда жеке жауапкершілікке деген қарым-қатынасты күшейтеді және құқықтық әрі әлеуметтік бастамаларға қызығушылықты арттырады», – дейді «Астана жастары» жастармен жұмыс және құқық бұзушылық профилактикасы бөлімінің маманы Айсулу Қайыр.

Осындай шараларды болашақта қаладағы басқа оқу орындарында да өткізу жоспарлануда, бұл жастарда саналы таңдау және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button