Ел тынысы
Бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі жиналды

Биыл бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі – 1 млн тоннадан астам көлемде жиналды. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сонымен қатар ол майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.
«Биыл бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі – 1 млн тоннадан астам көлемде жиналды. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр, дегенмен бүгінгі күннің өзінде рекордтық өнім – 4,3 млн тонна жиналғанын атап өту керек. Сонымен қатар мақта терімі де аяқталды, жалпы түсім 428 мың тоннаны құрады. Мұндай көлем соңғы 18 жылда алғаш рет тіркеліп отыр»,
— деді Айдарбек Сапаров.



