Әлеумет

Зергерлік бұйымдар ұрлаған әйелдің жазасын жеңілдетті

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы зергерлік бұйымдарды бірнеше рет ұрлағаны үшін сотталған Ч. есімді әйелге қатысты апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бірінші сатыдағы соттың анықтауынша, 2025 жылғы 18-30 қаңтар аралығында Ч. адал сатып алушы кейпінде әрекет етіп, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды жасырын түрде ұрлап, кейін оларды ломбардқа өткізіп отырған.

Оның әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 447 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Сотталушының кінәсі өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілердің көрсетулерімен, ақша аударымдарының түбіртектерімен және ломбардпен жасалған комиссиялық шарттармен дәлелденген.

— Кінәсін мойындауы, шын өкінуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріліп, бірінші сатыдағы сот Ч.-ға 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Апелляциялық сатыда сот алқасы үкімді өзгертіп, ҚК-нің 60-бабының 4-бөлігін (үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау) қолдануды алып тастады және 2025 жылғы 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заң нормаларын қолданды, — деп жазды Астана соттары Телеграм-арнасы.

Рақымшылыққа сәйкес, тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі 1/5 мөлшеріне қысқартылды.

Осылайша, Ч. есімді сотталушыға 2 жыл 9 ай 18 күн бас бостандығын шектеу түріндегі түпкілікті жаза белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, мас күйінде апатқа ұшыраған астаналық 4 жылға сотталып кетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button