Елорда тынысы

Астанада жаңа жол учаскелері ашылып жатыр

Астанада жаңа жол учаскелері ашылып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық жолдарды салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

Биыл 25 қазаннан бастап Қ.Қайсенов көшесінде Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ашылды. Бұл бағытта бағдаршамдар орнатылып, абаттандыру, жарықтандыру және жол белгілерін орнату жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ 25 қазаннан бастап Қ.Аманжолов көшесінде Райымбек батыр көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта асфальтбетон жабынының төменгі қабатына дейін қозғалыс қамтамасыз етілді. Инженерлік желілерді жүргізу жұмысы аяқталды.

Жиектастар орнатылып, жол негізі төселді. Абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

2025 жылдың 28 қазанынан бастап Д.Қонаев көшесінде Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін көлік қозғалысы қайта жанданады.

Нысанның жер үсті бөлігінде негізгі құрылыс жұмысы аяқталды: жаңа жол жамылғысы төселді, жол таңбалары белгіленді, барлық қажетті жол белгісі орнатылды.

Учаске толықтай пайдалануға дайын. Қазіргі уақытта көпір құрылымы мен іргелес аумақта әрлеу және абаттандыру жұмысы жалғасуда.

Биыл 1 қарашада А62 көшесінде Астана-Қарағанды тасжолынан А91 көшесіне дейінгі учаскеде жұмысты аяқтау жоспарланып отыр.

Қозғалыс жүріс бөлігі бойынша толық қамтамасыз етіледі.
5 қарашада Қ.Мұхамедханов көшесінің жаңа учаскесінде – Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.

Абаттандыру жұмысы жалғасады.

Сондай-ақ биыл Күйші Дина көшесінің құрылысы М.Жұмабаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін аяқталды.

Жоба аясында жол жамылғысы төселіп, жарық шамдары орнатылды, автотұрақ орындары жасақталды және барлық қажетті жол қозғалысын реттеу белгісі қойылды.

Әйтеке би көшесінде Сығанақ көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ашылды. Жоба бойынша жұмыс жалғасуда, уақытша белгілер орнатылған.

Биыл желтоқсан айының соңына дейін бағдаршам объектілерін орнату жоспарланып отыр. Барлық жұмыс жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуде.

Т. Рысқұлов көшесінде Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра арнасына дейінгі учаскеде қозғалыс ашылды. Жоба аясында веложолақтары бар тротуарлар, бағдаршамдар және заманауи көше жарықтандыру жүйесі қарастырылған.

Ш.Қалдаяқов көшесінде Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі учаскеде жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізілді.

ЕК-32 көшесінде Төле би көшесінен «Хан Шатыр» сауда орталығына дейінгі учаскеде қозғалыс қамтамасыз етілді.

Ә.Бектұров көшесін Тұран даңғылына шығару жобасы аясында Ә.Бектұров көшесі мен Тұран даңғылы қиылысында бағдаршам орнатылды. Көше жарықтандырылды, жол таңбалары сызылды, іргелес аумақ абаттандырылды.

Бұқар жырау көшесін жаңарту жұмысы Әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі учаскеде белсенді жүргізіліп жатыр.

Құрылыстың, жарықтандырудың және жол инфрақұрылымын жаңартудың нәтижесінде бұл учаске заманауи және қолайлы келбетке ие болып отыр.

Аталған учаскелерде қозғалыстың ашылуы аудандар арасындағы көлік байланысын едәуір жақсартуға, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға және қала тұрғындары мен қонақтарының жолға кететін уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Басқарма бекітілген жоспарларға сәйкес ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи және қолайлы көлік ортасын қалыптастыруға күш салып келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button