Әлеумет

Астанадағы Индустриялық паркте жастарға не көрсетілді

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жасыл Ел» жасақтарының жауынгерлеріне елордалық Индустриялық паркте кәсіби бағдарлық экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық инвестицияларды дамыту орталығы – Astana Invest қолдауымен өтті.

Экскурсияның басты мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, өндірістік салаға қызығушылықты ояту және кәсіби бағдар беру.

Экскурсия бағдарламасы аясында келесі кәсіпорындарға бару жоспарланған:
құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар;
металл конструкцияларын жинау кәсіпорындары;
автоматтандырылған технологиялық желілер.

Зауыт инженерлері мен басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ қатысушыларға индустриялық паркте жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді.

«Экскурсияға 14-18 жас аралығындағы 100-ден астам жас қатысты. Олар – «Жасыл Ел» жасақтарының жауынгерлері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Біз төрт кәсіпорында болдық. Олар құрылыс материалдары мен металл конструкцияларын өндіретін, сондай-ақ жоғары технологиялы автоматтандырылған желілермен жабдықталған зауыттардың жұмысымен танысты. Бұл – жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды», – деді жоба басшысының орынбасары Асылбек Абдурашитов.

Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының басшысы Самат Ибраев жастарды экологиялық және әлеуметтік маңызды іс-шараларға тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі экологиялық акцияның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оларды еңбекке баулу, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін сіңіру. Біз тек айтып қана қоймай, жұмысшы еңбегінің маңызын нақты іспен көрсетуді көздедік», – деп түсіндірді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button