Қоғам

«Барлық жетістіктердің бастауы – еңбек»

2025 жыл – жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Барлық жетістіктердің бастауы – еңбек» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Дөңгелек үстел жұмысына Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушы зейнеткерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен интернационал отбасылар қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты еңбек адамдарының еңбек жолы мен өмір жолын дәріптеу арқылы адал еңбекті, елге қызмет етуді насихаттау еді.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына ұзақ жылдар отау құрып, жарасымды жанұяға айналған интернационал отбасыларды шақыру арқылы, ұлтаралық достық пен бірлікті, отбасындағы берекені көрсету еді.
Іс-шараға келген Муллабаевтар, Қожановтар, Вавулиндер, Мұкановтар және Жанғалиевтер жанұясы отбасындағы бірлік пен берекенің тамаша үлгісін көрсете білді.

Дөңгелек үстел жұмысы Астана қаласы Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, әрі осы шараның жетекші модераторы Сансызбай Есіловтың кіріспе сөзімен басталды.

Ардагерлер кеңесінің басшылығы жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтіп жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, 50 жылдан астам уақыт отасқан интернационал отбасыларға алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы ауданының зейнеткерлерінен құралған «Әдемі» шығармашылық ұжымының көркем өнерпаздары да атсалысып, әннен шашу шашты.

Жиналғандар арасында ардагер журналист Райса Агибаева «Ассамблея – ұлтаралық келісімнің бірегей қазақстандық үлгісі» тақырыбында сөз сөйлесе, тіл жанашыры, БҰӨСО-ның қазақ тілі маманы Маржан Примбетова «Ассамблея – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы» тақырыбында өз пікірін білдірді.

Жарыссөзде этномәдени орталықтардың өкілдері Қазақтандағы ұлт аралық келісім мен достық туралы өз ойларын ортаға салып, алдағы келе жатқан Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен жиналғандарды құттықтады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button