Ел тынысы
Президент Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Құрылыс кодексіне қол қойғанын жазған едік.



