Құқық

«Қазіргі заман қаһарманы» акциясы жалғасын тапты

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы – ерлікпен қаза тапқан Тараздық полицей, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың есімін ұлықтауға арналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шарада ерлігімен көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында  Абай облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Бекзат Құмарұлы, Жетісу облысы ПД аға шебер уәкілі Өмірбек Қайратұлы, Маңғыстау облысы ПД патрульдік ротасының қызмет инспекторы Өсербай Белес пен учаскелік полиция инспекторы Мырзақұл Сәдуақасұлы, Қызылорда облысы мамандандырылған күзет басқармасының полицейі Әділхан Уәлихан, Қостанай облысы ПД аға жедел уәкілі Әміржан Мерекеұлы, БҚО ПД патрульдік полиция батальоны Данил Дүйсенбайұлы, СҚО ПД жедел уәкілі Ольга Сергеевна, Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің қызмет аға инспекторы Нұрсұлтан Мұталханұлы, Ақтөбе облысы ПД арнайы мекемелер тобының аға инспекторы Әділқаһар Кәдіров, Атырау облысы ПД патрульдік полиция батальонының полицей кинологы Данияр Тұрарұлы, Қарағанды облысы ПД жедел уәкілі Мақсат Ерланұлы, ІІМ басқару академиясының магистранты Зарина Қайратқызы, ҚР ҰҰ Оңтүстік өкілі қолбасшылығы 7552 әскери бөлімінің бөлініс бастығы Өркен Ерболұлы, Ақмола облысы ПД учаскелік полиция инспекторы Сағындық Қанатұлы және Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы Рахат Есімжанұлы бар.

Ерасыл НҰРЛЫБЕКҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button