Прокуратура студенттерге құқықтық салада оқу тренингі мен зияткерлік ойынын ұйымдастырды

Прокуратура студенттерге құқықтық салада оқу тренингі мен зияткерлік ойынын ұйымдастырды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы елорданың жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибеден өтуші студенттері үшін оқу тренингі мен зияткерлік ойын ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар құқық саласындағы білімдерін көрсетіп қана қоймай, логикалық ойлау, жедел шешім қабылдау және командалық жұмыс дағдыларын жетілдірді.

Осындай іс-шараларды өткізу жастардың прокуратура органдарының қызметіне қызығушылығын арттыруға, заңға деген құрметті нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.