«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының нормалары, қылмыстық заңнамадағы өзекті өзгерістер түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға бағынушылық қағидаттарын нығайтуға және кең таралған құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Астана қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастырады.