Астанада жаңа Салық кодексі бойынша Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 5 қарашада Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында халық үшін Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шара Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңа нормаларын түсіндіруге арналған.
Басқарма мамандары салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді, соның ішінде:
1.Басқа шегерімдерді жою және 90% түзету
2. Арнайы режимдер санын азайту
3. 2026 жылдан бастап жаңа әлеуметтік төлем ставкалары
4. Дәрі — дәрмектер мен медициналық қызметтерге арналған жеңілдік ставкалары
Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары заңнаманың жаңа нормалары бойынша түсініктемелер берді, салық төлеушілердің практикалық сұрақтарына жауап берді және нақты тәжірибеден мысалдар келтірді.
Мұндай кездесулер салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы диалогты нығайтуға, салықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді жақсы түсінуге ықпал етеді.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың салық сауаттылығын арттыру және бизнесті қолдау мақсатында осындай іс-шараларды одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.



