Елорда тынысы

Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарында

Numbeo халықаралық рейтингінде Астана алғаш рет ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына кірді. Қазақстан астанасы бір жыл ішінде 24 сатыға жоғарылап, 105-орыннан 81-орынға көтерілген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қаланың қауіпсіздік индексі 66,7-ден 67,5-ке өсті. Бұл Астананы қылмыс деңгейі төмен әрі тұрақты қалалық орта қалыптасқан мегаполистер тобына қосты.

Numbeo рейтингі тек ресми қылмыс статистикасын ғана емес, тұрғындардың өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін, полиция жұмысының көрінісі мен тиімділігін, сондай-ақ қала инфрақұрылымының сапасын ескереді. Оған жарықтандыру, қоғамдық кеңістіктер және көлік жүйесі де кіреді.

Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді

Алматы керісінше, үздік жүздіктен тыс қалды. Қала 195-орынға жайғасты. Қауіпсіздік индексі 46,7 деңгейінде сақталғанымен, бұл көрсеткіш рейтингте жоғарылауға жеткіліксіз болды.

2025 жылы әлемдегі ең қауіпсіз қалалар қатарында Абу-Даби, Доха және Дубай көш бастады. Рейтингке барлығы 263 қала енген. Сол тізімге Қазақстаннан тек Астана мен Алматы ғана кірді.

Қылмыс төмендеп, цифрландыру күшейді: ІІМ 2026 жылғы басым міндеттерді белгіледі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button