Орман қорын сақтау шаралары күшейтілуде

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елді көгалдандыру жөніндегі ауқымды бағдарламаның жүзеге асырылу барысы және орман қорын сақтау жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ведомство басшысы елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма толық көлемде орындалғанын – 18,1 млн ағаш отырғызылғанын хабарлады.
Орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу міндетін жүзеге асыру жалғасуда: 2021-2025 жылдары 1,5 млрд көшет отырғызылды. Келесі жылы 208 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарлануда.
Шөлге айналуға қарсы белсенді жұмыс жүргізілуде. Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін зерделеу мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылды, ал экожүйені қалпына келтіру үшін ауданы 1,3 млн гектардан асатын «Арал орманы» резерватын құру бойынша шаралар қабылдануда.



