Ел тынысы

Қазақстан Гонконгта өткен «Asia+ Фестиваліне» қатысты

Гонконгта Азиядағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі «Asia+ халықаралық фестивалі» өтті. Шараға ондаған мемлекет қатысып, өздерінің бай мәдени мұрасын ұсынды. Фестивальге қазақстандық студенттер мен Қазақстанның Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулдығы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бас консулдық іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның бай көшпелі мұрасы, көркемдік дәстүрлері мен заманауи мәдениет саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, ұлттық аспаптар мен бишілердің өнері қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Қонақтар Қазақстанның қойылымдарының орындау шеберлігі мен көрсетілген дәстүрлердің бірегейлігіне ерекше назар аударып, жоғары бағалады. «Asia+ фестивалі» Қазақстанның Азия аймағындағы танымалдығын арттыруға және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің Мәдениет департаменті ұйымдастырған «Asia+ фестивалі» — 30 азиялық елдің өкілдері мен 30 000-нан астам қонақтарды біріктіріп, өңірдің бай мәдени алуантүрлілігін таныстыратын маңызды алаң.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button