Қауіпсіздік қатаң бақылауда

Ең әуелі халықтың қауіпсіздігі үшін әсіресе тұрғындары көп Астана сияқты үлкен қала үшін өрт қауіпсіздігі мәселесі ерекше маңызға ие. Суық мезгілде жылыту құрылғыларын, газ баллондарын, электр жабдықтарын жиі әрі үздіксіз пайдалану өрт шығу қаупін арттырады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы Астана қаласының аумағында 833 өрт тіркелген (2024 жылы – 683). Соның ішінде бақылаудағы объектілерде 228 өрт орын алған (2024 жылы – 171). Оның 50-і қоғамдық тамақтану нысандарына тиесілі (2024 жылы – 49). Бұл көрсеткіштер аталған салада өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейтудің аса қажет екенін айқын көрсетеді.
Осыған байланысты Астана қаласының барлық аудандарында өрттің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандарының иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.
Аталған жұмыстар аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, қауіпті жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібін үйретуге бағытталған разъяснительная беседалар жүргізілді. Ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі шеңберінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен қоғамдық тамақтану объектілерінде көшпелі түсіндіру-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
«Өрт қауіпсіздігі – бұл тек бақылаушы органдардың ғана емес, әрбір кәсіпкер мен нысан иесінің ортақ жауапкершілігі. Қоғамдық тамақтану орындарында өрт қаупі жоғары болғандықтан, профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Түсіндіру шаралары аптасына кемінде екі рет ұйымдастырылады және бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Бауыржан Зайнелов.
Алдағы уақытта аудандық әкімдіктермен бірлесіп, сауда үйлерінің маңында орналасқан донерлік және бургерлік павильондар бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасады.
Шапағат ӘБДІР



