Ел тынысы

Ғылыми фотосуреттер байқауына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда халықаралық Wiki Science Competition 2025 байқауының өңірлік кезеңіне өтінім қабылдау басталды. Байқаудың мақсаты – ғылымды кеңінен таныту, зерттеушілерді қолдау және ғылым мен визуалды өнер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға ғылыми зерттеулерді, тәжірибелерді, бақылауларды және ғылыми үдерістерді көрсететін фото және видео жұмыстардың авторлары қатыса алады. Жұмыстар келесі жеті номинация бойынша қабылданады: «Ғылымдағы адамдар»; «Микроскопиялық бейнелер»; «Фотографиялық емес медиа»; «Суреттер сериясы»; «Жабайы табиғат және табиғат»; «Астрономия»; «Жалпы санат». Өтінім қабылдау мерзімі — *2026 жылғы 20 қаңтарға дейін.*

Қатысу үшін Wikipedia-да аккаунт ашып, жұмысты Wikimedia Commons платформасына мына сілтеме арқылы жүктеу қажет:
https://commons.wikimedia.org/wiki/Commons:Wiki_Science_Competition_2025_in_Kazakhstan

Байқау қорытындысы бойынша әр номинацияда бір жеңімпаз анықталады. Әр жеңімпаз 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады, ал үздік жұмыстар байқаудың халықаралық кезеңіне жолдама алады.

_*2025 жылы Қазақстандағы байқау Nazarbayev University Research Administration (NURA) бастамасымен, ÓNERGY Creative Art Hub серіктестігімен және NU Impact Foundation қолдауымен өткізілуде.*_

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button