Қоғам
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

18-23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Шараны жүргізу қажеттілігі адам шығынымен болған ауыр жол апаттары себеп болып отыр.
ЖПІШ барысында:
— Патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтіледі.
— Биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31% өскені байқалады.
Сондықтан облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылады.
- Жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді.
- Заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерулер жандандырылды.
- Елді мекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады.



