Құқық

Алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Алаяқ жәбірленушілерді шетелдегі қатынастары туралы жалған ақпаратқа сендіре отырып, автокөлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда, оларға Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен автокөлікке тапсырыс беруді ұсынған.

Алайда жәбірленушілерге берілген көліктер бұрын автокөлікті жалға беру компанияларына сотталғанға уақытша пайдалануға берілгені анықталды. Мәселен, алаяқ жәбірленушіден 4 көлікті жеткізу үшін 14,5 млн теңге алған, ал көліктерді ресми түрде тіркеу алдағы уақытқа болжанған. Бұл ретте сотталған қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында көліктерді жалға алу ақысын енгізіп жүрген. Сотталғанның алаяқтық әрекетінен 70-тен астам тұлға зардап шекті, жалпы шығын 420 млн теңгені құрады.

Сотта прокурорлармен қылмыс­кердің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болма­ғанын, қылмыстық ниетін орындау мақсатында автокөліктерді жалға беру шартын жасасып, ұрланған ақшалай қаражатты өзінің жеке мақсаттарына пайдаланғаны дәлелденді.

Сотталған өз кінәсін толық мойындады. Сот қылмыскерге 6 жыл 8 айға жеке бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Елорда прокуратурасы белгілі бір қызметтерді көрсету құқығын растайтын құжаттары жоқ тұлғалармен мәмілелер жасаудан бас тартуға кеңес береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button