Ел тынысы

Тіл саясатын жетілдіру тетіктері талқыланды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын реттеу тетіктерін жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу аясында фокус-топ форматындағы сарапшылық кездесу өтті. деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға тіл саясаты саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілі, сондай-ақ Академияның ғылыми қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар тіл саясатын дамыту мен жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылап, өзара пікір және кәсіби тәжірибе алмасты, сондай-ақ бұл саладағы тиімді реттеу тетіктерін зерттеу мен тәжірибеге енгізудің негізгі бағыттарын айқындады.

Талқылау нәтижесінде алынған материалдар мен сараптамалық пікірлер ғылыми талдаудың маңызды бөлігіне айналып, диссертациялық зерттеу барысында негізгі дереккөз ретінде пайдаланылатын болады.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, конструктивті ұсыныстары және жоғары кәсібилігі үшін шынайы алғыс білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button