Қоғам

Дін қызметкерлеріне ЖИ қолдану үйретілуде

Астанада дін қызметкерлеріне арналған «Этика, иман және жасанды интеллект: цифрлық қоғамдағы діни қызметкерлердің рөлі» тақырыбында семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараны Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

«Бұл іс-шара имамдар мен дін саласында оңалту жұмыстарымен айналысатын теологтарға арналған. Бүгінгі таңда олар ЖИ құралдарын меңгергені дұрыс. Семинар барысында медиа саласында ЖИ пайдалану, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтауды үйрену, сондай-ақ ЖИ пайдаланудың этикалық қағидаттары мәселесі көтеріледі», – деді Астана қаласы «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының теологы Дастан Сақан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 30-дан астам дін саласының мамандары цифрлық және этикалық құзыреттілігін арттырады, діни қызмет пен ағартушылық жұмыста тиімді қолдануды меңгереді.

Семинарға Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Сұлтанбейбарс Басир, «Qalamedutech» жобасының негізін қалаушы, жасанды интеллектті қолдану бойынша жаттықтырушы Аида Әбіләкімова және т.б қатысты.

Айта кетейік, семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button