Қоғам

Жеңістің 80 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Астана қаласы Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жауынгерлері – Поколение победителей» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара Астана қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, қалалық әкімдіктің қолдауымен және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шараның құрметті қонақтары қатарында Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, қоғам қайраткері, профессор Майдан Құсайынов және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев болды.

Іс-шара барысында соғыс батырларының ұрпақтары – ардагерлердің балалары, немерелері мен туыстары да келіп, өз естеліктерімен бөлісті. Олар үшін бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығы мен батырларға деген мәңгілік құрметтің айғағы болды.

Кітаптың әр данасы — өткен тарих пен бүгінгі бейбіт күн арасындағы алтын көпір. Шара соңында жаңа кітаптар қатысушылар мен батырлардың ұрпақтарына қалалық әкімдіктің қолдауымен табысталды. Кездесу жылы атмосферада өтіп, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай тағылымды шаралардың дәстүрге айналуын тіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button